Бейтараптылык аркасы президент Ниязовты ғасырлар бойы мадақтауды мақсат еткен жаңа сәулет нысанының орталық элементі ретінде құрылған болатын.
Түркіменбасының мүсіні орнатылған 70 метрлік арканы демонтаждау жұмысы екі айға созылды. Жұмысты түріктің Polimeks компаниясы жүргізді, Ашғабадтың басқа ауданында осы арканың баламасы - Бейтараптылық монументін тұрғызу ісі де осы компанияға жүктелген.
Бейтараптылық аркасын бұзу және жаңа монумент тұрғызу идеясын елдің қазіргі президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов ұсынған болатын.
Түрікмен басшысының өкіміне сәйкес, жаңа сәулет нысанында Түрікменбасының мүсіні қарастырылмаған. Сәулетшілердің жобасы бойынша, 95 метрлік Бейтараптылық монументі бес түрікмен тайпасының ою-өрнектерімен және Елтаңбамен және ел жалауымен безендіріледі.