Ашхабад-2017: Қазақстанға қос «алтынды» шахматшы қыздар алып келді
19:51, 26 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат -Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында бүгін шахматшы қыздарымыз Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік чемпион атанып, екеуі ел қоржынына екі «алтын» сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Динара Сәдуақасова финалда Қытайдан келген шахматшылар Гу Джей мен Джо Вангты (1,5 - 0,5) ұтса, Жансая осы елдің спортшысы Джуды жеңіп (1-0), чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстанның құрама командасы «Ашхабад - 2017» Азия ойындарында шахматтан алғашқы алтын жүлделеріне қол жеткізді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан бүгінгі екі алтын медальмен жалпы есепте төртінші орынға көтерілді .