Ашхабад әуежайында Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
11:32, 10 Қазан 2024
АШХАБАД. KAZINFORM – Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.
Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.