АШХАБАД. KAZINFORM – Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.
Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік.
Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.