Үш терминалы бар әуежай бір сағатта 2000 жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежай кез келген ұшақ түрін қабылдай алады және халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетеді.
Ашхабадтағы Халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына Түркіменстан Президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов қатысты. Әуежай жолаушылар терминалының негізгі ғимарат төбесінде әлемдегі ең үлкен кілем гелі (ою түрі) архитектуралық суреті бейнеленгендігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл оюдың аумағы 705 шаршы метрді құрайды, деп жазады 24.kz.
Айта кетейік, Түркіменстан астанасындағы әуе айлағын түрік компаниясы салып берген.