«Парктердің жағдайымен қазір ешкімді де таңғалдыра алмаймыз. Бұрын біз қолданыста жүргеніне 17 жылдан асып кеткен техникаларға талдау жүргізіп келген болатынбыз. Ендігі кезекте алдымызға айтарлықтай өршіл жоспар қойып отырмыз, яғни қолданыста жүргеніне 10 жылдан асып кеткен техникалардың барлығын жаңартқымыз келеді. Бұл бағытта жағдай күрделі екенін айта кету керек. Тозығы жеткен техникалар өте көп. Еліміздегі тракторлардың 86 пайызының, комбайндардың 72 пайызының қолданылып жүргеніне 10 жылдан асып кеткен», - дейді Сұлтанов.
Оның айтуынша, техникалардың көбі кеңес дәуірінен бері қызмет етіп келе жатыр. Ал одан бергі техникалар өзінің материалдық-техникалық сипаты жағынан ескіргендердің қатарына жатады.
«Өкінішке қарай, 2017 жылдың қорытындысы техникаларға қол жеткізу мен оларды жаңарту тұрғысынан төмендеуді көрсетіп отыр. Сондықтан, біздің мақсат - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи техникалармен қамтамасыз ету», - деп түйді Азат Сұлтанов.
Департамент директоры аталған мақсатқа жету жолындағы АШМ-нің жоспарымен де бөлісті.
«Министрлік не ұсынады? Біріншіден - ауыл шаруашылығы техникасының лизингі мен несиесі үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қалпына келтірмек. Бұл бағдарлама бұрын өзінің тиімділігін дәлелдеген болатын. Бағдарламаны қайтара отырып, мөлшерлемені арттыруды - демек, басқа министрліктердегі әріптестерімізді субсидия мөлшерлемесін 10 пайыздық деңгейде мақұлдауына қол жеткізбекпіз. Біздің ойымызша - бұл ең тиімді әдіс», - дейді ол.
А.Сұлтанов сонымен бірге, инвестициялық субсидия жолы да аса пайдалы екенін алға тартады.
«Бұрын техниканы модельдері бойынша қазақстандық, қытайлық, ТМД немесе азиялық деп бөлген едік. Ал қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тең дәрежеде сапалы техникаға қол жеткізе алуы үшін субсидиялаудың ескі әдісіне қайтып келмекпіз», - деді Сұлтанов.