АШМ: Абай облысындағы 10 ауданның жетеуінде ветеринариялық станса жоқ
АСТАНА. KAZINFORM –Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында елдегі ветеринариялық стансалардың техникалық жағдайы қаншалықты мүшкіл екенін баяндады.
— Аудандардағы 206 ветеринариялық стансаның 72-сінің меншікті ғимараты жоқ. Мысалы, Абай облысында 10 аудан орталығының тек үшеуінде ғана меншікті ғимарат бар. Осындай жағдай Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Маңғыстау облыстарында да байқалады, — деді ол.
Сондай-ақ, министр ветеринариялық пункттердің жағдайы бұдан да нашар екенін айтты.
— Ветпункттерде барлық ветеринариялық-алдын алу шарасы өткізіледі. Олар малға екпе салып, ем жасайтын қоршаулармен, жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Алайда, еліміздегі 2 285 ветпункттің 1 628-і немесе 71%-ы қажетті ғимаратпен қамтамасыз етілмеген, — деді Айдарбек Сапаров.
Бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығын цифрландыру қалай жүріп жатқанына шолу жасаған едік.