«Бүгінгі күні Атырау облысындағы жағдай бойынша пастереллез диагнозы қойылды. Сараптамаға сәйкес шаралар атқарылуда, жануарлар, малдар пастереллезге қарсы егіліп жатыр. Қайта індетке шалдыққан малдар байқалмады. Жағдай толық бақылауда», - деді баспасөз мәслихаты барысында Т.Қабдұлданов.
«Ал Ақтөбе облысына келсек, бізге жеткен жедел хабарламаға сәйкес, Әлия ауылында 13 бас ірі қара малдың індет жұқтырғаны анықталған. Олардан пастереллез бен лестерезге қатысты клиникалық белгілер байқалған. Алынған материалдар зерттеліп жатыр. Ондағы жағдайды жергілікті атқарушы орган мен мемлекеттік ветеринарлық қызмет бақылап отыр», - деді ол.
Бұған дейін белгілі болғанындай, Атырау облысының Махамбет ауданы Алға аулында 39 бас ірі қара малдан пастереллез індетіне шалдыққан белгілер байқалып, олардың ішінде 11 мал қырылған болатын. Бұдан бөлек, Атырау қаласының маңындағы Қайыршақты елді мекенінде де 33 ірі қараның індет жұқтырғаны, 17 малдың қырылуы тіркеліп, олардан да пастереллез белгілері анықталған.
«Осы өңірлердегі эпизоотникалық жағдай мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау инспекторларының ұдайы қадағалауында», - делінген АШМ хабарламасында.