АШМ ауру мал үшін төленетін өтемақыны оның нарықтық құнының 80 пайызына дейін арттырмақ

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі ауру мал үшін төленетін өтемақыны оның нарықтық құнының 80 пайызына дейін арттырмақ

Бұл туралы бүгін ҚР АШМ-ның ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев айтты.

«Аурға шалдыққан малды, яғни жойылатын малдың нарықтық бағасының 80 пайызын төлеп, қайтару мүмкіндігі қаралып отыр»,-деді ол.

Бұл шаралар ауру малдың етін нарыққа шуғаруға жол бермеу үшін қарастырылып отыр. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы көтеріп отырған бұл бастама Әділет министрлігімен келісілген. Қазіргі кезде ол Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына енгізілді.

Естеңізге сала кетейік, бұдан бұрын ауруға шалдыққан малдың жалпы құнының 50 пайызы қаржылай қайтарылатын.