Делегация құрамына АШМ өкілдері, салалық өңірлік басқармалар, «Қазагро» ұлттық холдингі және оның еншілес ұймдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы қауымдастығының басшылары мен бизнесмендер кірді.
Сапардың басты мақсаты - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша тапсырмаларын орындау және өзара тиімді екіжақты келісімдерге қол жеткізу бөлігін іске асыру.