«Майлы дақылдар өндірісінің көлемін арттыру үшін тауар өндірушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында субсидиялаудың жоғары нормативтері белгіленді. Аталған шара саланың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, 3 жылдың ішінде олардың егіс алқабтары 905 мыңнан 1,8 млн. гектарға артты. «Алдағы уақытта да аталған дақылдардың егіс алқабын 2-2,5 млн. гектарға жеткізіп, кеңейту шаралары жоспарлануда. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың деңгейі сақталған жағдайда біз майлы дақылдар бойынша алдағы екі жылда өзімізді қамтамасыз ету дәрежесіне жетеміз», - деп атап өтті А. Мамытбеков.
19:43, 28 Желтоқсан 2011
АШМ майлы дақылдар егістігінің алқабын 2,5 млн. гектарға жеткізуді жоспарлап отыр
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Майлы дақылдар егістігінің алқабын 2,5 млн. гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін биылғы 11 айдың қорытындысына арналған Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.