АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Израиль мемлекетіне жұмыс сапарының екінші күнінде «Gevat-Haviva Rezervoir» атты су ресурстарын басқару және қорғау компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Аталған компания суды тазартып, оны суармалы жерлерге пайдаланады.
Әрі қарай, Вице-Премьер «Мошав Нитсаней Оз» деп аталатын сүт және сыр өндірумен айналысатын ферма жұмысымен танысты.«Мошав Нитсаней Оз» фермасы сүт және сүт өнімдерін өндірумен айналысады.