Кеңестің төрағасы ретінде қазір ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин тағайындалды. Кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды.
Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық әлеуетін дамытуды интегациялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі комиссиялар құрылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуынша, бұл комиссиялар қоғамдық бақылау жүргізіп, әртүрлі қоғамдық топтар құруға құқылы.