Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
Комитет төрағасы атап көрсеткендей, бүгінде қорғаныс саласы бойынша шығарылатын «Eurocopter EC 145» тікұшақтарын орман өрттерінің алдын алу жұмыстары үшін пайдалану мәселесі жан-жақты зерделенді.
«Жалпы, орман шаруашылығына осындай 6 тікұшақ қажет. Осыған байланысты комитет тиісті қаражатты 2013 жылғы бюджеттен қарастыруға өтініш берген. Бірақ Қаржы министрлігі оны қолдаған жоқ. Енді, ол мәселені 2014 жылғы бюджет жоспарына енгізу жоспарланып отыр. Негізі, бүгінде барлық мәселе осы қаржыға тіреліп отыр. Ол шешілуі тиіс. Біз «Еурокоптер» тікұшақтарын алуымыз қажет», - дейді Е.Нысанбаев.