Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Аусыл секілді дерт тек малдың өзінен болатын ауру емес. Оның сыртта табиғи ошақтары да баршылық. Сондықтан да, әсіресе Орталық Азия елдерінде тек қана ветеринарлық емес, шекаралардың мықты болуы да қажет. Өйткені, көптеген жағдайда елде аусылдың өршуі негізінен сырттан келген малға да қатысты болып табылады», - дейді министр.
Осыған орай, шектесетін мемлекеттердегі күрделі эпизотикалық ахуалды және республика аумағына инфекциялардың, оның ішінде аусылдың ену қаупін ескере отырып, Орталық Азия аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларын бақылаудың өңірлік бағдарламасы әзірленуде.
14:01, 17 Қыркүйек 2012
АШМ: Орталық Азия аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларын бақылау бағдарламасы әзірленуде
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Орталық Азия аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларын бақылау бағдарламасы әзірленуде.