"Біріншіден, бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін жоғарылату мен төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияны беру процесін автоматтандыру жоспарланып отыр. Өйткені бүгінде облыстарда, аудандарда субсидиялауға қатысты құжаттардың көптігі сонша, қағаздарды машинамен тасуда. Осыған байланысты бүгінде министрлік ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде. Сонымен қатар жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, екінші бағыт егіншілік шаруашылығын сақтандыру, тұқым шаруашылығын, балық және етті мал шаруашылығын субсидиялау жүйесіне қатысты болмақ.