АШМ «Жайылымдар туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетімен бірлесе отырып, «Жайылымдар туралы» заң жобасын әзірлеуде.

Бұл туралы бүгін жалпы отырыста Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл құжатта мал шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлерді реттестіру мәселелері қарастырылады.
Қазіргі кезде жеке меншіктегі немесе жалға берілген ауыл шаруашылық жерлерінің көп бөлігі тиімді пайдаланылмайды дегенді баса айтты вице-министр. Сондықтан көптеген мал өсірушілер малдарын жаятын жер таба алмай жүр.

«Осыған байланысты, аталған мәселелерді реттеу үшін біз қажетті заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар дайындап шықтық», - деді Г. Исаева.