«Комитеттің аумақтық департамент өкілдерінің тексеру нәтижесі бойынша ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі көлемі 1,92 га жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактісі анықталды», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес шаралар қабылданып, соммасы 553 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекет кірісіне өндірілді.
Қазіргі уақытта өз еркімен басып алған жер учаскесі босатылды және заңбұзушылық жойылды.