БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Айта кету керек, бүгін Мәжілісте Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығына байланысты осы зұлматтың құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел болып өтті.
«Тәуелсіздігін алған кезде Украина мемлекеті өздерінде болған алапат аштықты «голодомор» деп атап, оның себебін сол кездегі орталықтың жүргізген саясатынан екенін ашық баяндап, кінәлі адамдарды айқындады. Бізде ондай саяси баға берілген жоқ. Сондықтан аштық оқиғасының 80 жылдығын атап өтудің мақсаты ғалымдарымыз бен саяси қайраткерлеріміздің баға беруінің алғы шарттары деп ойлаймын», - деді алаш тарихын терең зерттеп жүрген ғалым Дихан Қамзабекұлы.
Оның пікірінше, ғылыми тұрғыдан жекелеген ғалымдар тарапынан белгілі бір жобалардың жасалып жатуы мүмкін. Сол аштық зұлматын Кеңес тұсындағы үлкен қырғындардың бірі есебінде қарауымыз керек. Сонымен қатар Д.Қамзабекұлы 1920 жылдардағы қырғындар және 1950 жылдардағы түрлі демографиялық ауытқушылықтардың барлығы да кешенді түрде қарастырылуы керек деп есептейді.
«Бүгінгідей парламентшілердің басқосуы, осы мәселені айрықша көтеруі өте орынды. Ғалымдардың да пікірін естіп, талдау жасау мақсатын көздеп отыр. Қазақстан Парламенті де саяси шешім шығарып, нақты бір қаулы қабылдаса, дұрыс болар еді. Аштықтың құрбандарына және қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарына байланысты шешім қабылдаса, тарихи әділеттіліктің орнағаны болар еді»,- деді Д.Қамзабекұлы.