Бойды ашу билегенде "3 минут" ережесін қолданып көріңіз. Ол үшін 3 минут бойы үнсіздікте болыңыз. Осы 3 минут үнсіздік сізді балағат сөз айтудан, қол көтеруден, басқаның жүрегін жаралап, кейін өкінуден сақтайды. 3 минут үнсіздікте бола алсаңыз - 30 минут, одан кейін 3 сағат сабыр сақтап көріңіз. Ал өз-өзіңізді 3 сағат ұстай алсаңыз, ары қарай 3 күн де сабыр сақтай аласыз», - дейді ол.
Зарина Қаһарманқызының айтуынша, психикасы сау адам ашу-ызасын сөзбен білдіреді. 3 минут, 30 минут, бәлкім 3 сағаттан кейін ашуын шақырған адаммен әңгімелеседі.
«Мысалы, "Әйелім, мен саған ашуланып тұрмын. Ашуымның себебі осындай. Мен сені тіпті шапалақпен бір ұрғым келіп тұр. Мен сені балағаттағып келіп тұр" деп, ары қарай осы мәселені талқылайды. Бірақ ұрмайды. Ал психикасы сау емес адам ойында не барын айтпай, бірден іс-әрекетке көшеді. Ұра кетеді немесе бірден балағаттай жөнеледі», - дейді психолог.
Осындай ашушаң күйде жиі болсаңыз - психолог қабылдауына жазылып, ашу қашан және не себепті пайда болғанын анықтап, түйінін шешіп алғаныңыз жөн.