Ашуға булыққан футболшы басымен қақпа маңдайшасын соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Исландиялық футболшы Эйдур Сигурбьорнссон ашу салдарынан басымен қақпа маңдайшасын сындыра жаздады. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

"Эребру" командасының 25 жастағы қорғаушысының бұл әрекетіне Швеция чемпионатындағы матчте "Сундсвалльға" қарсы ойнап жатқанда қарсыласының гол соғуы себеп болған. Бұл кездесуде бұлардың құрамасы 1:3 есебімен жеңілді.

"Эребру" 4 турда бір ұпай ғана жиып, турнир кестесінің соңына сырғыды, деп хабарлады Vesti.kz