Ашуға булыққан қытайлық бес көршісін пышақтап тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэнань провинциясының тұрғыны жанжал барысында бес көршісін пышақтап тастады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Оқиға жұма күні Юнчэн қалалық округінде болған. Полицияның хабарлауынша, Лу есімді ер адам үш көршісін өлтірген. Тағы төрт көршісі жараланып, олардың екеуі ауруханада көз жұмды.

Қаййғылы жағдайдан кейін ер адам өзін өзі өлтіруге әрекеттенді, бірақ оны тәртіп сақшылары ұстап үлгерді. Алдын ала болжам бойынша, көршілер жер мәселесі бойынша дауласқан.