Ашуға бой берген жүргізуші қару қолданды. Ол көлігінен шығып, 20 жастағы жігітке оқ атты.
Одан кейін көлігіне қайта мініп, оқиға орнынан ізін суытқан. Жас азамат сол жақ санының оқ жарақаттанды.
Полиция ішімдік ішкен екі жігіттің жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда, көлік доңғалағының астында қала жаздағанын анықтады. Сірә, такси жүргізушісін осы жағдай ашуландырған.
piter.tv-дың хабарлауынша, көліктің нөмірі белгілі. Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.