Ашық әкімдік: Елорданың 600-ге жуық тұрғыны ашық есік күніне қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың барлық аудандық әкімдіктерінде «Ашық әкімдік» ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Аудан әкімдеріқұрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге тұрғын үй бағдарламаларына қатысу,үлестік құрылыс, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу және қосымшабілім беру мәселелерін қарастырды. Іс-шараға елорданың 600-ге жуықтұрғыны қатысты. Ең көп адамдар Сарыарқа ауданының әкімдігіне келді. Екіншіорынды Алматы және Байқоңыр аудандары бөлісті.

ҚР Президентініңқоғаммен байланысты нығайту тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімдігіндеазаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. Бір жарым ай ішінде қала әкіміАлтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдауында 230 тұрғынды қабылдады, олардан809 сұрақ түсті. Ең көп өтініштер саны 175 балаларды мектепке дайындау жәнебалаларды балабақшаға кезекке қою, 157 тұрғын үй мәселесі, одан екі есе азмедицина, бизнесті дамыту және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойыншажолықты.

524 өтініш бойыншамәселелер шешілді, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Азаматтардықабылдауға 6 баланың анасы Сағадатта келіп, өз сұрақтарын қойды. Сағадатбірнеше жылдан бері үй кезегінде тұр. Бұл кісінің балаларына «Мектепте жол»атты акциясы бойынша көмек көрсетілетін болады.

Қабылдауда Қамыстыауылы бойынша да өзекті мәселелерге назар аударылды. Қарлығаштың айтуы бойынша,адамдар суды колонкадан тасиды. «Аурухана алыста орналасқан. Ауруханаға жетуүшін екі автобусты қолданамыз», - деді Қарлығаш.

Қала әкімі Қамыстыкентіне баруды кестесіне енгізетінін атап өтті. Азаматтарды қабылдауға басқармабасшылары, аудан әкімдері, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысады.Мемлекеттік органдар жергілікті жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,тұрғындардың проблемалық сұрақтарына жауап береді.