Баспасөз мәслихаты кезінде журналистер мемлекеттік органдар «қызметтік қолданысқа арналған» деген желеумен қажетті ақпаратты бермейтін сәттер көп болатындығын, осылайша халық мемлекеттік биліктің жұмысына қатысты ақпараттан мақұрұм қалып жатқандығын айтып шағымданды. Өз сөзінде М.Әшімбаев ондай фактілердің барын жасырған жоқ.
«Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексте арнайы норма бар, ол бойынша егер лауазымды тұлғалар «қызметтік қолданысқа арналған» деген желеумен «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» заңның тізімінде бар ашық ақпаратты бермейтін болса, ондай лауазым иелерін жазаға тартуға болады», - деді депутат.
13:09, 28 Сәуір 2016
Ашық ақпаратты жасырған мемлекеттік қызметшілер жазаланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қызметтік қолданысқа арналған» деген желеумен ашық ақпаратты жасырған мемлекеттік қызметшілер жазаланады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.