«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік қызметтер стандарттарын қоса алғанда нормативтік-құқықтық актілердің жобалары жария түрде талқыланады. Портал жұмыс істеген кезең ішінде 29 143 нормативтік-құқықтық акті жобасы жарияланып, оларға 14 мыңнан астам пікір қалдырылған. Алайда, мәселен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына қалдырылған 5 мың пікірдің 1906-сы жауапсыз қалып отыр. Сонымен қатар портал жұмыс істеген бүкіл кезеңде 6 мыңнан астам НҚА жобасы онлайн-режімде қосымша талқылаудан өткен жоқ», - деді министр.
Оның айтуынша, тамыз айынан бері мемлекеттік органдар «Ашық НҚА» порталында реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізуде.
«Кәсіпкерлердің де бизнес субъектілері үшін енгізіліп жатқан жаңа міндеттемелер бойынша өздерінің пікірлерін онлайн режімде білдіруге мүмкіндіктері бар», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, елімізде ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ерекше рөлін ескере отырып, «Ашық Үкімет» порталдары құрылған. Сонымен қатар «Ашық Үкімет» тұжырымдамасы аясында «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог» және «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» сияқты интернет-порталдар жұмыс істейді.