ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сүйенсек, ұлттық біріншілікте 5 шақырымға жүзуден әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды.
Мария Федотова аталған қашықтықта ел чемпионы атанды. Бұл талдықорғандық спортшының ел чемпионатындағы екінші «алтыны».
Екінші орынды Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова иеленсе, үшінші орын алматылық Ирина Архипова бұйырды.