«Біз бизнесті тәртіп бұзушыларды анықтауға жауапкершілікпен қарауға және олар туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына дер кезінде хабарлап отыруға шақырамыз. Осылай ғана біз облыстың басқа тұрғындарын COVID-19 жұқтыру қаупінен құтқара аламыз. Ashyq қосымшасының арқасында Қостанай облысының қоғамдық орындарына «қызыл» және «сары» міртебедегі 1 000-нан аса адам кіре алмады. Бұл жобаның тиімділігін байқатады. Сонымен қатар біз бизнестің назарын кәсіпорындарда екпе салдыру керектігіне аударғымыз келеді, бұл – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы», - деп түсіндірді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Бүгінгі күні Қостанай облысында Ashyq жобасына 4 158 кәсіпорын кірді.
Авторы Жанна Мұсабаева