Ashyq жобасын кеңінен тарату бүкіл елімізде жүріп жатыр. Жобаға қатысушылардың саны 8 мыңнан асып түсті және 2 аптаның ішінде екі мыңға артты. Екі аптаның ішінде қолданушылардың саны 1,4 млн адамнан 2 млн адамға дейін жетті», - деді министр.
Оның атап өтуінше, аталған жоба енгізілген сәттен бері ПТР-дың оң нәтижесі бар 3 556 науқас және байланыста болған 3 012 адам анықталды.
«Бұл статистика өкінішке орай кейбір азаматтардың үйде оқшаулану режимін сақтамайтындығын, тұрғындар көп жиналатын нысандарға баруға тырысатындығын, ел ішінде жүріп-тұратындығын, сол арқылы төңірегіндегілерге жұқтыру қаупін төндіретіндігін көрсетеді», - деді Алексей Цой.