Таратылған мәліметке сәйкес, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарына демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына - Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін рұқсат беріледі.
Ал осы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарының жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылатын болады.