Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық еркін күрес шебері Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.

Фото: ҚР ҰОК

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде АҚШ балуаны Маркус Гленн Блейзбен кездесті.

Тартысты белдесуде америкалық балуан басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша, Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайтынын жазған едік.