Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Асылбек Әбілхайырұлы Дүйсенов Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Бүгін облыс активі жиналысында департаменттің жаңа басшысы таныстырылды.
Аталмыш департаменттен түскен мәліметке қарағанда, Асылбек Дүйсенов 1980 жылы 19 ақпанда Ақмола облысы, Зеренді ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтерлік есеп және аудит», 2004 жылы Д. Қонаев атындағы университетін «құқықтану» және 2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «каратэ жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.
А.Дүйсенов 2021-2023 жылдар аралығында құқық қорғау саласында әртүрлі лаузымдарда жұмыс істеді.
2023 жылғы 6 сәуірден бастап Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндеттін уақытша атқарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).