«Асқақ рухты Атырау» атты аламан айтыс мәреге жетті

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Санаулы сәттер бұрын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Асқақ рухты Атырау» атты республикалық ақындар айтысы аяқталды. Айтасты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көпшілікпен бірге тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыр додасында қарағандылық Мақсат Ақанов оза шауып,  2 миллион теңге бас жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды Жансая Мусина қанжығалады - 1 миллион теңге.

 

Екінші орынды еншілеген екі ақын - Мейірбек Сұлтанxан мен Бауыржан Ширмеденұлы 800000 теңгеден жүлде алды.

Үшінші орынды үш ақын - Серікзат Дүйсенғазы, Иранғайып Күзембаев және Жәнібек Садыров тең бөлісіп, әрқайсысына 750000 теңгеден берілді.

450000 теңгеден тағайындалған ынталандыру сыйлығы Төлеген Жаманов, Жанар Айлашева, Қалижан Білдәшов есімді ақындарға тарту етілді.

Қалған он ақынға 150000 теңгеден берілді.

Айтысқа Еркебұлан Қайназаров, Серікбол Панабердиев, Айзада Дәулекенова, Әсем Ережеқызы, Дидар Қамиев, Шалқарбай Ізбасаров, Дәурен Ақсақалов, Нұрлан Есенқұлов, Ғалымбек Мұстафа, Нұрмат Мансұров сынды жыр дүлділдері қатысты.

Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Ақұштап Бақтыгереева, Ербол Тілешов, Қойшығұл Жылқышиев, Бауыржан Халиолла сынды әділ қазылар айтысқа төрелік етті. 

 

Соңғы жаңалықтар