«2016 жылғы 5 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес, Қыдырма Айдос Арғынбайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұйрыққа сәйкес, 2016 жылғы 6 қаңтардан бастап, Асқар Ахметов «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды», - деді Талғат Болсынбекұлы.
19:09, 08 Қаңтар 2016
Асқар Ахметов «Қазконтент» АҚ-ның төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Қазанғап «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасы Асқар Ахметовті таныстырды. Бұл туралы kzcontent.kz сайтында хабарланды.