Бұған дейін бұрынғы ел басшысының ағасы 82 жастағы Болат Ақаевтың көз жұмғаны жайлы қырғызстандық БАҚ хабарлаған болатын.
«Мен ағамды соңғы сапарға шығарып салуға міндеттімін», - дейді А.Ақаев.
Айта кетейік, Қырғызстанның алғашқы президенті 2005 жылғы төңкерістен соң елінен кетіп қалған. Оның өзі мен туыстарына бірқатар қылмыстар үшін айып тағылған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.