Асқар Достияров «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамын басқарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Асқар Достияров «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл жайында холдингтің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асқар Достияровтың шетелдік инвесторларды тартуын қоса алғанда, қаржы саласындағы 16 жылдық жұмыс өтілі бар.  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниясының тобында 2013 жылдан қызмет етуде. «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Бәйтерек» холдингі басқармасының мүшесі басқарушы директор лауазымдарын атқарған.

Асқар Достияров Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті, School of Business, the George Washington University (MBA) оқу орындарын аяқтаған.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы тікелей инвестициялар қорының қоры. Қазақстанда privat equity тиімді нарығын дамыту және активтерді басқарудың үздік әлемдік практикасын енгізу мақсатында құрылған.