«Үкімет биыл бірқатар нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл – экономиканың өсу деңгейін 3,7-4 пайыз аралығында қамтамасыз ету», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Үкімет басшысының атап өтуінше, сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыру, 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын, инфрақұрылымды салу және жаңғырту, ауыз суға қолжетімділікті арттыру көзделеді.