Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар тауарларға апта сайын мониторинг жасауды тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша,әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы ең алдымен әкімдер тарапынан атқарылуытиісті шаралардың толығымен қабылданбай отырғанын көрсетеді.

«Біріншіден,бағалар бойынша жедел ақпарат алмасудың маңызды екенін ескеріп, Сауда жәнеинтеграция министрінің бірыңғай онлайн платформа құру туралы ұсынысынқолдаймын. Екіншіден, 17 тамызда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандырумеханизмдерін іске асыру қағидалары қолданысқа енгізілді. Ол бағалардытұрақтандыру механизмдерін бекітуге мүмкіндік береді. Ал өңірлердің ақпаратыбойынша, қағидалар тек 2 қыркүйекте бекітіледі. Әкімдерге аталған механизмдердііске асыру үшін өңірлік қағидаларды тездетіп бекітуді тапсырамын. Тұрақтандыруқорлары тауарларды сатып алу уақытын өткізіп алмауы керек», - деді Үкіметбасшысы Үкімет отырысын қорытындылай келе.

Премьер-Министртұрақтандыру қорының жұмысы тиімсіз болып отырғанын және оны өзгерту қажеттігінатап өтті.

«Сауда жәнеинтеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі аптадатұрақтандыру қорларының жұмысын тексеріп, олардың жұмыс форматын өзгертудітапсырамын. Сонымен бірге, Сапархан Кесікбайұлы, әлеуметтік маңызы бар 10өнімді өндіру жөнінде бағдарлама әзірлеңіздер. Бұл да бағаны өсірмей, ұстаптұруға оң әсер етеді. Әкімдер бағаларды өсірмеуді ерекше бақылауда ұстауықажет. Апта сайын мониторинг жүргізіп, жедел шара қабылдаңыздар», - дептапсырма берді Премьер-Министр.

Бұған дейінҮкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әлеуметтік маңызыбар тауарлардың қымбаттауы жөнінде баяндама оқыған еді.

Соңғы жаңалықтар