Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына келіп, жарылыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарына тартылған бірқатар облыс пен аудандарға қарасты секторларды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстықтарға аптасайын келуге уәде берген Үкімет басшысы Маңғыстау облысы мен Сайрам ауданынатиесілі аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп шықты. Жергіліктітұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жергілікті халық қиналған сәтте бір кісідей жұмылып, қолдаубілдірген барша қазақстандықтарға шексіз алғыстарын білдірді.

Айта кетейік,Маңғыстау облысы мен Сайрам ауданына бекітілген секторда жалпы саны 331 тұрғын үй бар болса, соның279-ына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 4 үй жаңадан салынбақ. Қазірмұнда зақым келген үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін құрылысшылар барын салуда. Аптапыстыққа қарамастын 7 бірдей құрылыскомпаниясы мен 310 жұмысшы күндіз-түні жұмыс істеуде. Сол жұмыстардың арқасындабүгінге дейін 102 баспана жөндеуден өтіп, 147 үйде құрылыс жұмыстарыжүргізілуде.

Үкімет басшысымұнан соң Қостанай облысы мен Сарыағашаудандарына бекітілген сектордың да жұмысымен арнайы танысты. Мұнда Үкіметбасшысы апат кезінде баспанасы жарамсыз күйге түскен жергілікті тұрғынРүстембек Қалмахановтың үйіне барып, жаңадан салынып жатқан баспананың құрылысын көріп шықты.

Айта кетейік,бүгінгі таңда Арыс қаласында 8408 жеке тұрғын үй мен 105 көп қабатты үй бар.Жарылыс салдарынан 7171 жеке тұрғын үй мен 97 көп қабатты үйге зақым келсе, 205жеке тұрғын үй мен 8 көп қабатты үй жарамсыз деп танылды. Арыс қаласын қалпына келтіружұмыстарын жүргізу үшін 7597 жеке тұрғын үй мен 98 көпқабатты үйге ақауактілері жасалып, 4572 жеке үй мен 78 көпқабатты үйдің жөндеу жұмыстарыбасталды. Сонымен қатар, 107 жеке тұрғын үй мен 1 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге дейін1413 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындарға тапсырылды. Әрбір сектордағыжұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 6441, облыс аудандарынан 349 жұмысшытартылған.

Баспанасыз қалғантұрғындарға орта мектептен 800 орын дайындалып, олар жатын орынмен және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.Бүгінгі таңда тиісті орталықта 106 отбасындағы 371 адам орналастырылған.

Сондай-ақ, апатболған аумақта 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық-Қазына»әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның 54-і білім, 8-і денсаулық сақтау және4-еуі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылысжұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар