Асқар Мамин: Арыс қаласында құрылыс жұмыстарының 90% аяқталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы құрылыс және залал келген үйлер мен әлеуметтік, инженерлік нысандары жөндеу жұмыстарымен танысып шықты.

Сондай-ақ Үкімет басшысы қаланы қалпына келтіру бойынша мәжіліс өткізді,деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы қаланың тұрғындар тұрып жатқан аумақтарын қарап, И.Журба атындағы мектептің, қалалық аурухананың, теміржол вокзалы мен тұрғын үйлердің және орталық стадионды қалпына келтіру жұмыстарын көрді.

Асқар Мамин мәжіліс өткізіп, оның барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланып, құрылыс-жөндеу жұмыстарының қорытындысы сараланды.

Қысқа мерзімде Арыс қаласында үлкен ауқымды жұмыс атқарылды. Қаланың 90%, соның ішінде, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдары қалпына келтірілді. 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтіріліп, 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өтті. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады.

ҚР Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Б. Сандықбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, кеңес барысында өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшылары сөз сөйледі.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арыс қаласын қалпына келтіру мақсатында еліміздің барлық өңірлері, ұлттық компаниялары, ірі бизнес өкілдері белсенді түрде атсалысты», — деп А. Мамин, «бір ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын, қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы қатысқанын» айтты.

ҚР Үкіметінің басшысы Арыс қаласын қалпына келтіруге араласқан, көмек қолынсозған барлық отандастарға, бизнес, әкімдік өкілдеріне, құрылысшыларға алғысбілдірді.

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі жалпы қаладағы негізгіқұрылыс жұмыстары аяқталғанын атап өтіп, тиісті министрліктер менведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе90% жөндеуден өтті. Қалған905 бір қабатты жеке үйлерді жөндеу жұмыстарын 10 тамызға дейін аяқтау қажет.67 көп қабатты үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды 20 тамызға дейінаяқтау керек. Барлық 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызғадейін бітіру қажет. Осыған орай, Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады.

Өңірлер бекітіліген секторларындағынысандарды қалпына келтіру жұмыстарын аталған мерзім ішінде толығымен аяқтаудықамтамасыз етуі тиіс.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы және Алматыоблысы бекітілген секторларында жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын қатаңбақылауға алуы қажет.

Түркістан облысының әкімі Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Арыс қаласының және қала маңындағыелді мекендер тұрғындарына бір реттік өтемақы төлеу жұмыстарын толығыменаяқтауы тиіс.

Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, қаланың барлықкоммерциялық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауы керек.

Қорғаныс министрлігі бекітілген Жолкартасы бойынша қоймалардағы қару-жарақтарды шығаруды жүйелі түрде қамтамасызетіп, Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп әскери қалашықтағы әскергеқатысы жоқ 58 отбасының мәселесін пысықтауы тиіс.

А. Мамин Арыс қаласының тұрақтытыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұмылдырудың қажеттігінайтып, «Үкімет Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арыс қаласыныңодан әрі даму мәселелерін бақылауда ұстайтынын» атап өтті.


Соңғы жаңалықтар