Асқар Мамин Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

Фото: None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайты.

ҚР ТұңғышПрезиденті – Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Арыс қаласынтолық қалпына келтіруге және қаланың тұрақты тіршілігін қамтамасыз етуге ерекшекөңіл бөледі.

Арысқаласында жалпы үйлер саны 8 637, оның ішінде 7 166 тұрғын үй жөндеудіқажет етті. Қазіргі кезде жұмыстардың 97,4% аяқталды. 433 тұрғын үй қайтасалынуда. Нысандарда 163 құрылыс компаниясы, 6 мыңнан аса жұмысшы мен 286бірлік құрылыс техникасы тартылған.


Қаладағышағын және орта бизнес нысандарын аралау кезінде Үкімет басшысына 536кәсіпкерлік қызмет субъектісінен 509-ы қалпына келтіруді қажет ететіні туралыақпарат берілді. Қазірдің өзінде 316 бизнес нысаны жұмыс істей бастады.

ҚРПремьер-Министрі Асқар Мамин стадионға, ауруханаға, мектепке барып, жөндеужұмыстарының барысымен танысты.

Соныменқатар жергілікті маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші болып табылатын«Арыс-1» теміржол вокзалы араланды. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкіметқұрамына ғалымдар, реставраторлар, тарихшылар, Мәдениет және спортминистрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері кірген комиссия құрды.Комиссия қорытындысына сәйкес, Арыс қаласының вокзалын қалпына келтіру бойынша«Самұрық-Қазына» Қоры жүзеге асырып жатқан жұмыстар оның тарихи-архитектуралыққұндылығын жоймайды. ҚР Премьер-Министріне вокзалды қалпына келтіру келесіаптаның соңына дейін аяқталатыны туралы баяндалды.


Арысқаласында барлығы 66 әлеуметтік нысан бар, оның 62-сі күрделі жөндеуденөткізілуі керек, ал 4-уі толық қалпына келтірілуі тиіс. Қазір 45 нысандажұмыстар аяқталды.

Асқар Маминсондай-ақ Арыс қаласында тұрғын үйлері толық бұзылған 100 отбасыға арналған 52қос пәтерлі коттеджден тұратын жаңа ықшамауданның салыну барысынкөрді.


«Барлықжұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, тұрғындар үшін барлық жағдайларды жасаукерек», - деп А. Мамин тұрғын үйлерді салу сапасын бақылауды күшейтудітапсырды.

Түркістанқаласында ҚР Премьер-Министрі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты, оныңөткізу қабілеті тәулігіне түрлі бағыттар бойынша 600-ге жуық автобусты құрайды.Вокзал тәулігіне 10 мың жолаушыға дейін қызмет көрсететін болады деп күтілуде.Автовокзал облыс орталығындағы көлік ағынын оңтайландыру және экологиялықахуалды жақсарту үшін салынған.


ҚРҮкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени нысандардың салынубарысы туралы баяндалды. Асқар Мамин оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі,медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, «Нұр-Сұлтан» алаңы, ТұңғышПрезидент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыкамектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драматеатры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары барқалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын көрді.

ҚРПремьер-Министрі сонымен қатар салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, «Ұлыдала Елі» орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерініңҰлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстықғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар