Асқар Мамин Арысты қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Қазір Арыс қаласында 1544 жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстарыаяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру жәнежөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың 4683 үйлерінде жұмыстаржүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және 1 көпқабатты үйде жүргізілуде.66 әлеуметтік нысаннан 62-сінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, жаңақұрылыс 4 нысанда жүріп жатыр.

Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарына 207 компания, 7073 жұмыскер,265 арнайы техника тартылған.

ҚР Үкіметінің басшысы Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде қаланықалпына келтіру бойынша жұмыстарға барлық өңірлер, ұлттық компаниялар,еліміздің ірі бизнес өкілдері белсене қатысып жатқанын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлікинфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын дайындау бойыншакешенді шаралар қабылдау тапсырды.


Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин салынып жатқантарихи-мәдени орталық аумағында ҚР Премьер-Министрі «Ұлы дала Елі» орталығын,Қ. А. Яссауи музейін салу бойынша жұмыстардың барысымен. Сонымен қатарАсқар Мамин Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, келуорталығын реконструкциялау, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебапкітапхананың салыну барысын көрді.

ҚР Премьер-Министрі әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсатта салыныпжатқан нысандарды көрді, жергілікті стадион, оқушылар сарайы, әкімдік, Халыққақызмет көрсету орталығы, медиа орталық, конгресс-холл ғимараты, «Нұр-Сұлтан»алаңы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, музыка мектебі, бассейні бароқушылар сарайы, аттракциондары бар қалалық саябақ, неке сарайы, Қазақ драматеатры ғимараты, музыкалық фонтан мен амфитеатр салынып жатқан құрылысалаңдарында болды.

Асқар Мамин Түркістан қаласында Тұңғыш Президенті паркінің абаттандырылу,облыс орталығының орталық бөлігінің реконструкциялану және Арбаттың салынубарысын көрді, сондай-ақ Түркістандағы Ескі археологиялық паркінің жобасыментанысты.

Соңғы жаңалықтар