ТМД қатысушы-мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды, ғылым және инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және тб. саладағы ынтымақтастық тетіктерін қарайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.