Асқар Мамин астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің басшысына жаңа ғылыми онкологиялықорталықты салу бойынша жол картасын іске асыру барысы туралы баяндалып,ғимаратты жобалау сызбасымен таныстырылды. Ғылыми онкологиялық орталық астыңғықабатын қоса алғанда 6 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы — 49 шаршыметрден астамды құрайды. Құрылыс аумағы — 16 мың шаршы метрден астам. Құрылысты2021 жылғы наурызда аяқтау жоспарланған.

Жаңа орталықта қатерлі ісік ауруларын анықтау менемдеудің алдыңғы қатарлы технологиялары пайдаланылған, сонымен қатар, осығандейін құрылған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесінпайдалана отырып, лазерлік, сәулелік және жасушалық-иммундық терапияқолданылады.

Бүгінде уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салу,осыған дейін болған әкімшілік-тұрмыстық нысандарды бұзу, шұңқыр қазу, судеңгейін төмендету, бағананы қағу жұмыстары орындалды, сондай-ақ, іргеліжұмыстар басталды.

2018 жылы Үкімет медициналық қызметтерді ұсыну сапасынжақсартуды және онкологиялық диспансерлердегі жабдықтарды жаңартуды көздейтін,2018–2022 жылдарға арналған қатерлі ісік ауруларымен күрес жөніндегі кешендіжоспарды қабылдады.

Бұған қоса, нысанды аралау барысында жаңа ғылымионкологиялық орталық салу үшін жер телімін Назарбаев Университетіненреспубликалық меншікке беру мәселесі де қаралды.