Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста қаржылықнәтижелерге қол жеткізу, капитал нарықтарында қаражат тарту, кәсіпкерліктіқолдау, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, клиентке бағдарланған практикалардыдамыту тұрғысынан холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды.

2018 жылдыңқорытындысы бойынша Даму жоспарын орындау бойынша есепте ұсынылған ақпаратқасәйкес, кірістер жоспардағы 346,6 млрд теңге кезінде 107,6%-ға орындалды және372,9 млрд теңгені құрады, таза пайда 174%-ға орындалды және 34,72 млрд теңгеніқұрады (жоспар – 19,98 млрд теңге). «Бәйтерек» холдингінің активтері жыл соңына4 719 млрд теңгені құрады (жоспардан 103%).

Отырыс барысында2018 жылғы жылдық есеп, даму жоспары мен даму институтының жылдық бюджетініңорындалуы туралы есептер бекітілді.

Бұдан өзге,Директорлар кеңесі холдингтің Корпоратив басқаруды жетілдіру жөніндегі2019–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті, онда корпоративтікбасқаруды одан әрі дамытуға бағытталған 47 іс-шара бар. Сондай-ақ кейінненЖалғыз акционердің бекітуі үшін компанияның корпоративтік басқару кодексінеөзгерістер мен толықтырулар алдын ала қаралды.

Директорларкеңесінің мүшелері холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы II тоқсандағыесебін бекітті және тауарларды, даму институтының жұмыстарды және көрсетілетінқызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар