Асқар Мамин: Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын орындауымыз керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы мен Президенттің қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы іске асырылуы үшін жұмысты жалғастыруымыз керек. Премьер-Министр Асқар Мамин әріптестеріне осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 шілде күніҮкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуынабағытталған бірқатар нақты міндеттерді белгіледі. Үкіметтің басты міндеті –халықтың өмір сапасы мен табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялардытарту. Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша экономиканың одан ары дамуынасерпін беретін жоспарлар бекітілді. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктероны орындауы тиіс. Қаңтар-шілде айларында ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды құрады.Бірқатар салаларда, соның ішінде құрылыс 11,5 пайыз, сауда 7,5 пайыз, өңдеушісекторда, оның ішінде көлік құрауда 17,7 пайыз өсім байқалады. Ал көмір менхимия өнеркәсібінде, қара металлургияда өсім жоқ. Салалық министрліктержоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша шараларды күшейтуі қажет», - дедіҮкімет басшысы.

Асқар Мамин өзсөзінде 7 айдың қорытындысына қарағанда базалық көрсеткіштер бойынша Атырау,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Түркістан, ШҚО әкімдіктері тиімді жұмысжүргізгенін атап өтті.

«Ол қалған өңірлерүшін жақсы үлгі. Ал Маңғыстау, БҚО, Шымкент, Нұр-Сұлтанда құрылыс,инвестициялар, тұрғын үй тапсыру бойынша көрсеткіштер төмен», - деді ол.

Премьер-министр өзсөзінде бөлінген қаражатты игермей жатқан ведомстволар мен әкімдіктерді сынғаалды. Әрбір ведомство басшысы алдағы 1 айдың ішінде олқылықтарды реттеуге уәдеберді.

«Мемлекеттікоргандар мен әкімдіктердің басшылары үшін бюджет қаражатын жоспарлы түрдеигеруге қол жеткізу бойынша жауапкершілік жүктеймін. Жалпы, сапалы және орнықтыэкономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін инвестицияны белсенді түрде тартубойынша шараларын қабылдау қажет. Инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестірукеңесінің отырысында осы мәселені жан-жақты талқылаймыз. Тиісті жұмыс орындарынашу, экономиканы әртараптандыру, экспортты дамыту, технологияларды тартусекілді мәселелерді келесі отырыста қарастырамыз. Біз Елбасы мен Президенттіңқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалары ментапсырмаларын уақтылы және сапалы іске асырылуы жұмысты жалғастыруымыз керек»,- деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар