«Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтауға тапсырған тестінің нәтижелерін ерекше уайыммен және алаңдай отырып қабылдадық. Өз атымнан және Үкіметтің барлық мүшелерінің атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып шығып, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етуді тілеймін.
Бақытымызға орай, Нұрсұлтан Әбішұлы өзін жақсы сезінуде және өзіне тән сергектігімен қашықтан жұмыс істеп жатыр», -деп жазды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Асқар Мамин.