Асқар Мамин Еңбек министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Біржан Нұрымбетовті таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Үкіметінің басшысы Бердібек Сапарбаевқақазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғысбілдірді. Оның басшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚРТұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша қойғанміндеттерін шешуге қатысты жүйелі жұмысты ұйымдастырды.

Жаңа министрді таныстыру кезінде Асқар Мамин БіржанНұрымбетовтіңәлеуметтік саладағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары олеңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді, ҚРПремьер-МинистрініңКеңсесі Басшысының орынбасары лауазымында болды. 2017 жылдан бастап ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасыныңбірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қызметінен босатылып, ҚРПремьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлағанболатынбыз.

ПрезидентЖарлығымен министрліктің жаңа басшысы болып БіржанНұрымбетов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар