Асқар Мамин Францияның экономика министрімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Францияарасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерімен келешегі талқыланды.

«Франция – Еуропалық одақтағы басты сауда-экономикалықсеріктес», — деген АсқарМамин, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен ФранцияПрезиденті Э. Макрон Брюссельде 2018 жылдың қазан айында өткен «АСЕМ»саммиті аясында белгілеген сауда-экономикалық күн тәртібін іске асырудыңмаңыздылығын атап өтті.

Франция Қазақстан экономикасына салынған тікелейинвестициялар көлемі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді. 2005 жылданбастап 2018 жылға дейін Францияның Қазақстан экономикасына қаржы салымыныңкөлемі 15 млрд доллардан асты.2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 32,5% немесе 4,5 млрд долларға өсті.

Қазіргі таңда көліктік машина жасау, құрылысматериалдарын, дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін шығару саласында бірлескенөндіріс сәтті жұмыс істеп тұр. Энергетика, ғарыш салаларында, жаңартылатын қуаткөздері, инфрақұрылымды дамыту, Smart сityжобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда француз капиталының қатысуымен, жоғарытехнологиялық жобаларды жүзеге асыратын «Тоталь», «Орано», «Данон», «Викат»,«Пежо», «Альстом» секілді 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстан Премьер-Министрі инвестициялықынтымақтастықты одан әрі дамытуға, көлік инфрақұрылымы, цифрлық технологиялар,адами капитал салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық барекенін жеткізді.

«Бізде ауыл шаруашылығында үлкен әлеует бар.Француздық Danone, Lactalis және Soufllet компанияларымен бірлескен жобалардытабысты іске асырылған жобалар деп айтуға болады.Қазақстан – экологиялық таза өнімді өндіру және ЕАЭО мен ҚХРелдерінің сыйымды нарықтарына шығу тұрғысынан бизнес жүргізу үшін перспективалыорын», — деді Асқар Мамин.

Француз инвесторларына бірлескен өндіріс орындарынашуда, импортты алмастыруда және агроөнеркәсіптік өнімдерді одан әріэкспорттауда жан-жақты көмек көрсетіледі.

«Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағыжетекші серіктесі», — дегенФранцияның экономика және қаржы министрі Б. Ле Мэр, француз тарапының ҚР ТұңғышПрезиденті —Елбасы Н. Назарбаев ашқан және Франция Президенті Э. Макронрастаған стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Б. Ле Мэр Қазақстан мен Францияныңсауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық салалардағы ынтымақтастықперспективаларын ескере отырып, ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне өтуі үшінбарлық мүмкіндіктері бар деп есептейді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Францияныңэкономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен«Bpifrance» инвестициялық компаниясы арасындағы бірлескен инвестициялау туралы,ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Тоталь» компаниясыарасындағы цифрлық технологиялар саласындағы меморандумдарға қол қою рәсімінеқатысты.

Соңғы жаңалықтар