Асқар Мамин Қарағанды облысында жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуына қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ферроқорытпалар өндіру зауытының ашылу салтанатына қатысып, тау-кен байыту кешенінің бірқатар кәсіпорнына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР Үкіметінің басшысы жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуымен құттықтап,өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары технологиялықкәсіпорынның маңыздылығын атап өтті. Жобаның ерекшелігі —«Индустрия 4.0» бағдарламасы аясында өндірістік циклдің жаңа технологиялықәзірлемелерін енгізу.


Кәсіпорында алғашқыкезеңдерде жылына толықтай экспортқа бағдарланған 180 мың тонна өнім шығарукөзделген.

«Алдағы уақытта жылсайын 240 мың тоннаға дейінгі көлемде өнім шығару көзделген», — деп А. Мамин,«газ тазарту жүйелерінің кешені және көмірдің орнына электр қуатын пайдалануатмосфераға таратылатын зиянды қалдықтарды толықтай бейтараптандыратынын,сәйкесінше, қоршаған ортаға теріс әсері барынша аз болатынын» атап өтті.


Жаңа ферроқорытпазауыты металлургия саласындағы басты кәсіпорындардың біріне айналады және текөңірдің ғана емес, сондай-ақ жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оңүлесін қосады.

Ферросилицийдің негізгікөлемі Ресейге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа және Еуропалық Одақ елдерінежеткізіледі. Сонымен қатар, дайын өнім өндіру кезіндегі қазақстандық қамтуүлесі 94%-дан астамды құрайды.

Зауыт құрылысыкезеңінде мың жарымнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Оны пайдалану кезеңінде350 тұрақты жұмыс орны ашылады, екінші кезең іске асырылған жағдайда олардыңсаны 550-ге дейін артады.


ҚР Премьер-МинистріҚарағанды облысының Қазақстанның өңдеу, металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі,қара және түсті металлургия, машина жасау саласын дамытудағы маңызды рөлін атапөтті.

«Қарағанды облысындаөнеркәсіпті әртараптандыру, жүйе құраушыкәсіпорындарды жаңғырту, инвестициялар тарту жұмыстары жалғасып жатыр», — депА. Мамин, барлық тартылған инвестициялардың 93% - жеке, олардың жартысы – шетелдік екенінайтты. Облыста 1 трлн-нан астам теңгеге 35 жаңа ірі инвестициялық жоба іскеасырылып жатыр, олардың 17-сінешетелдіктерқатысуда.2019 жылдың бірінші жарты жылдығында инвестициялар өсімі 72% құрады.


ҚР Премьер-МинистріҚарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Алайғыр» кен орнынның қорғасын-күміскенін өңдейтін және байытатын, катодты мыс өндіретін кәсіпорындарына,сондай-ақ, «Көктасжал» кен орны базасындағы тау-кен байыту кешеніне барды.


Асқар Мамин «SESСарань» күн электр станциясын тексеріп, Қарағанды қаласының солтүстік жәнешығыс айналма жолы реконструкцияланған автокөлік жолымен танысты. Ұзындығы 20км-данастам «Қарасор көлінен айнала Көкпекті-Қарағайлы» айналма темір жол желісіқұрылысы жобасын қарау барысында су тасқыны салдарынан зиян келтірілген т/жжолдарының бөлігін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Соңғы жаңалықтар